Жол ережесін 68 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Петропавлда «Lada Priora» автокөлігімен жүріп, өткен жылдың қараша айынан осы жылдың сәуіріне дейін жол қозғалысы ережесін 68 мәрте бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Петропавлда «ақылды» бейнекамералардың жұмысын талдай отырып, әкімшілік полиция қызметкерлері қаскүнем бұзушыны анықтады. Ол шетелдік тіркеуде тұрған «Lada Priora» автокөлігімен жүріп, жарты жылдың ішінде жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан өтіп кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келді. Полицейлердің айтуынша, осыған ұқсас бірнеше бұзушылық тіркелген. Жақында Петропавл қаласының полицейлері бір айда белгіленген жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы жігітті жауапқа тартты. Саумалкөл елді мекенінде тағы бір «жылдам айдаудың әуесқойы» тоқтатылды. Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ережесін бұзған екен. Екеуі де ресейлік есепте тұрған «ВАЗ» автокөліктерін басқарған. Олар «ақылды» бейнекамералардың көмегімен анықталды. Облыста жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін 35 видеожүйе жұмыс істейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жылдамдық режимін бұзу фактілерін анықтайды. Жыл басынан бері мұндай аппараттардың көмегімен СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды,- дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Сақ болыңыздар“ - ҚМА қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Мемлекет басшысы Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мектеп асханаларындағы мәзірлерде тұз бен қант мөлшері азайтылады
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды