Жол-көлік апатын «Еуропротокол» қосымшасы арқылы онлайн тіркеу басталды

Енді екі көлік соғысса, полиция шақыру міндетті емес. Апаттан адам зардап шекпесе, тек машина зақымдалса, жүргізушілер өзара келісе алады. Бұрын мұндай келісім кезінде шығынды кінәлі жүргізуші өз қалтасынан төлейтін. Енді онлайн режимде «Еуропротокол» қосымшасында рәсімдеп, сақтандыру компанияларынан өтемақы өндіруге болады. Ол үшін бұрынғыдай сотқа жүгінудің де қажеті жоқ. Басты талап - шығын көлемі 369 мың теңгеден аспауы тиіс. Мақсат БӘКЕШОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ МАМАНЫ: Полиция келіп, протокол толтырып болғанша автокөліктерді апат орнынан қозғауға болмайды. Ал бұл мегаполистерде кептелісті одан сайын көбейтеді. Жаңа қосымша арқылы мәселені онлайн біржақты ету тараптардың уақытын үнемдейді. Әрі еуропротокол арқылы өтемақы 2 аптада жүргізушіге түседі. Бұрын сот арқылы 3-4 айда әрең алатын. Көлік апаты жайлы деректер сәтті қабылданса, 10 минутта хабарлама келеді. Қате анықталса, процедураны қайта жасау керек. Еуропротокол арқылы декларациялау кезінде кінәлі тарап әкімшілік айыппұлдан құтылады. 1 қаңтардан бастап қосымша арқылы 1099 өтініш келіп түскен. Алайда оның 60 проценті онлайн рәсімдеуді соңына дейін жеткізбеген. Тек 6 апат «тіркелген» мәртебесін алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Көкшетауда трамадолға тәуелді нашақорға үкім шықты
«Аурухана арасында бес сағат жүрдім»: Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Түркістан облысында көпке үлгі болған Нышанғали Рахман
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған роликтер LED-экрандарда көрсетіле бастады