Канадалық турист Thai Airways рейсінің есігін ашып, ұшуға кедергі келтірген. Бұл туралы Bugin.kz dailymail.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Ұшақ Чианг Май әуежайынан Бангкокқа көтерілуге дайындалып жатқан. Бортта болған Facebook қолданушысы Ананя Тиангтае: “Ұшақтағылардың бәрі хаоста болды. Егер біз теңіз деңгейінен 30 000 фут биіктікте болсақ ше? Не болар еді?”, - деп жазады. Есікті ашқан турист қаммауға алынды. Бұл ұшақ тағы әрекеттің салдарынан өзге 10 ұшақтың ұшу уақыты ауысқан.