Жолаушылар екі күннен бері Дубайға ұша алмай отыр

Дубайда демалуды жөн көрген 70-ке жуық турист екі күннен бері ұша алмай отыр. Негізі туристердің саны оданда көп. Кейбірі саяхаттан бас тартыпты. Олар Біріккен Араб әмірлігіне FlyDubai әуе компаниясының ұшағымен кеше таңғы сағат 5-те Астанадан жөнелтілуі керек болған. Алайда авиакомпания өкілдері техникалық ақау себебінен ұшу уақытын бірнеше рет өзгерткен. Кейіннен 2 жасқа толмаған балалары бар 10 шақты отбасыны басқа рейспен жіберіпті. Қалғанын қонақ үйге орналастырған. Бір қызығы кейбір туроператорлардың сайтында саяхаттаушылардың басым бөлігі Дубайдағы қонақ үйге жайғасып, демалып жатыр деп көрсетілген. Ашынған туристер мәселенің дер кезінде шешілуін талап етуде. Айгерім ӨТЕГЕНОВА, ЖОЛАУШЫ: Біз 5 күнге демалуға бара жатқанбыз. Бірақ шамамен үш күні өтіп кетті. Енді ол күндердің қаржысын кім төлейтіні белгісіз. Авиакомпания мен тур операторлар бір-біріне сілтеп жатыр. Арамызда демалысын 3 күнге жоспарлаған жандар бар. Олар ұшудан өз еріктерімен бас тартып жатыр. Олар не істейді? FlyDubai әуе компаниясы бұған дейін де жолаушыларды әуре-сарсаңға салған. 2022 жылы 166 адам Біріккен Араб Әмірлігіне уақытында жете алмаған еді. Оқиға тағы қайталанды. Енді авиакомпания өкілдері туристерге билеттерін қайта брондау және толық қайтару ұсынылғанын хабарлады. "FLYDUBAI" ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ: Жолаушылар қажетті жатын орынмен қамтамасыз етіліп, келесі қолжетімді рейстерге ауыстырылды. Жолаушыларымыздың жол жүру кестесіне келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
«Ауыр дертке шалдықты»: Қазақстандық балуан елден көмек сұрады (ВИДЕО)
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты