Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.Өткен жылдың қараша айында Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызынан Атырау облысының 29 жастағы тұрғынын түсіріп алған болатын. Ол жол жүру барысында мас күйде болып, жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде құқық бұзушы өзін өте дөрекі ұстап, себепсіз билік өкілдеріне балағат сөздер айтқан.Сонымен қатар, заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Ұсталған адам бұған дейін есірткі затын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған азаматқа қатысты билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ер адам аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әзербайжан ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың тізімін жариялады
Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer Е-190 ұшағы бір жыл бойы ұшпаған
Жоржиньо Монтейру "Қайратта" бұрынғыдан 10 есе көп табыс табады
Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда 18 жаңа білім беру нысаны салынды
Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды