"Жолдасымның қазасын спектакльге екі сағат қалғанда естідім"

Талантты театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова жеке өмірі, шығармашылығындағы қиын кезеңдер мен қуанышты сәттерін оқырманмен бөлісті.Актрисаның драмаға толы өмірі жайлы сұқбат "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланды.Сұқбат кезінде журналист актрисаның сүйіктісі өмірден өткен сәтте рөл сомдаған кезін еске салды."Ол қаралы күні репертуарда "Келіндер көтерілісі» комедиясы болатын. Өзі өте ұзақ қойылым. Жолдасымның қазасын спектакльге екі сағат қалғанда естідім. Бірақ менің қолымнан не келеді? Не істерімді білмей дәрменсіз күйде Талғат Теменовке қоңырау шалдым: "Билет сатылып кетті, ауыстыра қоятын да адам жоқ. Енді не істейсің? Жинал!", - деді", - деп сол кезді есіне алды Лидия Кәденова.Актриса сол күні спектакльді аяғына дейін ойнап шықққанын атап өтті. Бұл жағдайды ол тағдырдың сынағы деп қабылдайтынын айтты."Қасымдағыларға: "Мен ойнап болғанша біреуің келмеңдер қасыма" деп грим бөлмемді тарс жауып алдым. Ойнап шыққаннан кейін ғана есік ашық дедім. Сырттай күліп, сахнада билеп жүргеніммен ішім алай-дүлей болып жатқан еді. Бірақ амал қанша, бұл өмір ғой. Ондай жағдайлар болады. Хадиша Бөкеева апаларымның басынан да мұндай жағдай өткен. Ол кезде біреулер әдейі телеграмманы әкеліп берген деп еститінбіз. Мені де тағдыр сынаған екен. Сынбай көтеруге тырысып бақтым. Оңай болмады", - деп жауап берді актриса. Лидия Кәденова қандай жағдай боламасын сахнада әртіс ештеңені білдірмей көрермен алдындағы міндетін орындауы тиіс деп санайтынын тілге тиек етті."Мәселен, өзің өліп қалып, сахнаға шыға алмай қалсаң, онда себебін түсіндіруге болады. Ал мынадай жағдайда не деп айтады? Оған көрермен кінәлі емес. Сондықтан ештеңені білдірмей ойнап шығуға тура келеді. Әртіссің бе, демек ол – сенің міндетің", - деді сұқбатында актриса.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел