«Жолдау жаңа ұлттық экономика құруды көздейді»,- Мақсат Толықбай

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай жаңа құжаттың мәні мен маңызы жоғары екенін айтады. Айтуынша, Жолдаудың  ел экономикасын дамытуға қосар үлесі зор. «Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – орындалу мерзімі қысқарған, нақты бағыттары айқындалған және тиісті міндеттер жүктелген маңызды стратегиялық құжат. Оның негізгі идеясы – әрбір адамның, кәсіпкердің құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру. Президент Су ресурстары және ирригация министрлігін құру жөнінде аса маңызды шешім қабылдады. Бүгінде су тапшылығы – бүкіл әлемде ғаламдық проблемаға айналған ортақ мәселе. Ғалымдардың айтуынша, алдағы 40 жылда дүниежүзіндегі ең ірі соғыс осы суға таластан басталады», – деді халық қалаулысы. Оның айтуынша, осы күннің өзінде судың маңызы мұнай мен газдан кем түспейді. Енді нақты сұрау салатын, жауап талап ете алатын ведомство құрылып жатыр. «Дүкенде 1 литр су 1 литр жанар-жағар майдан қымбат. Сондықтан, су саласына жауапты болатын жаңа министрлік құру туралы шешімі – өте орынды. Бұл – аса құптарлық шешім. Еліміздегі ең ірі өзендер көрші мемлекеттерден бастау алады.Сырдарияның, Ертіс пен Жайықтың, Балқаштың жағдайына назар аударатын уақыт келді. Түптеп келгенде, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің уақтылы орындалу-орындалмауы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты болмақ», – деді Мақсат Толықбай.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қоспаевтың қылмыстық тобы ісі: Алматыдағы “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған: 12 желтоқсан 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды