JOLTAP жобасы елорда тұрғындарын тегін оқытады

Астанада тегін оқуға мүмкіндік бар. Жұмыс таппай жүрсеңіз жол тапқа жол тартыңыз. Өткен жылдың күзінде басталған жоба арқылы бүгінге дейін 2 мыңнан астам адам жаңа мамандықты меңгерді. Тіпті жұмыс табуға да жәрдемдеседі. Әсел Қожағұлова жолын "Жолтап" жобасынан тапты. Бұрын оның мамандығы болмаған. Күзде жобаны естіп, қатысуға бел буды. Тігінші кәсібін үйренді. Аз уақытта меңгеріп алды. Әсел ҚОЖАҒҰЛОВА - ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ: Осыған дейін тігіншілікті өздігімше үйренгем, осында келген соң кәсіби деңгейде меңгердім. Оқытушымен бірге жұмыс істегенде кәсіп үйрену оңай әрі жылдамырақ болады. Қазіргі уақытта тағы бір мамандықты үйреніп жатырмын. Жоба аясында 15 мамандық оқытылады. Оның жетеуі жұмысшы, қалғаны цифрлық. Қазір 300-ге жуық қатысушы жаңа мамандықты үйреніп жатыр. Жыл соңына дейін 10 мың тұрғын қамтылады. Ерасыл ДІЛДӘИМ, ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ: Жолтап жобасының мақсатты аудиториясы, бұл - жұмыссыздар, NEET санатындағы жастар, жаңадан көшіп келген адамдар және де мансаптық бағыт-бағдарсыз жүрген адамдар. Алайда жобаға Астанада тұратын әрбір азамат қатыса алады. Жобаға қатысушылар таңдаған мамандығына қарай 5 күннен 1 айға дейін сабақ оқиды. Дәрісті көп жылдық тәжірибесі бар арнайы мамандар өткізеді. Фарида МЫРЗАХМЕТОВА, ОҚЫТУШЫ: Ине дейік, жіп дейік, мата дейік, олар замок тігіп үйренеді иә, сол замоктың барлығы бізде Жолтаптан тегін беріледі, олар келіп, тегін, толық үйреніп кетеді. Бізде өздері үйреніп, ателье ашқан қыздар бар, немесе фабрикаға жұмысқа тұрғандар бар. Жас ерекшелікке шектеу қойылмайды. Жаңа мамандық меңгеремін дегендердің барлығына есігі ашық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қырғызстанда бір сағатқа жуық уақыт ішінде екі жер сілкінісі болды
Астана – Щучье бағытында жол қозғалысына шектеу қойылды
Мемлекет басшысы қоғамда резонанс тудырған оқиғаларға қатысты нақты ұстанымын айқындады – cарапшы
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды