"Жөзекше болып жұмыс істеуден бас тартсақ, ыстық сумен күйдіретін": Адам саудасы неге көбейді?

Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден астам дерек тіркеледі. Ер адамдарды ауыр жұмысқа жегіп, құл еткен. Ал қыздарды жөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Полиция қызметкерлері төрт айдың өзінде 64 қылмыстық іс қозғаған. Көрсеткіш неге көбейіп барады? Сүндет Оралбеков зерттеп көрді.Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Құлдыққа түскен қыздар бірден көнбейді. Осылай таяқ жейді, түрлі азапты көреді. Амалдары таусылып, айтқанына көнеді. Кәдімгі тауар секілді сатып жібереді. Құнын төлегендер білгенін істеді. Жалпы елімізде адам саудасына қатысты жылына шамамен 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Құлдықтың құрбанына айналғандардың бірі - Айжан. Құрбысының танысы қыруар қаржы табуға болады деген сөзіне сенеді. Ұшаққа билет алып Бахрейнге барады. Табаны бейтаныс жерге тигенде өзінің 5 мың долларға сатылғанын біледі. Бірақ бәрі кеш еді. Тірі тауардай сатып алғандар жөзекшелікке мәжбүрлейді. Көнбегендерін әбден қинаған. КЕЙІПКЕР: Мен бірден сеніп қалдым. Мені тауар секілді сатып жіберген болып тұр ғой. Жөзекше болып жұмыс істеуден бас тартсақ, ыстық сумен күйдіретін. Электршокерді пайдаланатын. Мұздай бассейінге лақтырып жіберетін. Жақындарым ұйымдамасын деп деп кофеде жұмыс істеймін деп алдадым. Ал елге келгесін бәрін полицияға айттым. Мені сатып жібергендер түгел ұсталды. Адам саудасын кәсіпке айналдырғандар жылына шамамен 200 млрд доллар табыс табады. Құлдықтың қамытын кигендердің 70 проценті нәзік жандылар. Тұзаққа көбіне кімдер түседі? Әрине, тұрмысын тіктей алмай жүргендер, әлеуметтік жағдайы нашар жандар табыс табамын деп әлгілердің айтқанына сенеді. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: Алаяқтық болсын, адам саудасы болсын бұл халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлаған кезде, тиісті органдарда сыбайластарының болуы арқылы жүзеге асады. Бұл тек денсаулық, өмір сүру құқығы ғана емес, ар-намыс пен абырой мәселесі. Азап шекккендердің көбі арнайы орталықтарда ем қабылдап жатыр. Ондағы мамандар жәбірленушілердің қоғамға қайта бейімделіп кетуіне көмектеседі. Барлығы өмірден үлкен соққы алды. Кәмила ЕРМЕКҚЫЗЫ, «ҚОРҒАУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: Ең бірінші келген кезде жәбірленушілер қатты қысылып, жылап, көп уақытқа дейін өзінің жан дүниесін айта алмайды. Бірақ кейін біз түсіндіреміз, айту керек, біз сіздің жағдайыңызды білу керекпіз, жағдайды білмесек біз сізге қалай көмектесеміз деп. Олар ақырын-ақырын болған жағдайды айтады. Жарты сағатта өзін еркін ұстай бастайды. Кеңес береміз. Келесі кездесуде ол адам басқа болып келеді. Құзырлылар жаңа заң қабылдап, нақты әрекетке көшпек. Ішкі істер министрлігі «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Жазаны күшейту ғана емес, жәбір көргендерді әлеуметтік қолдау мәселесі де назарға алынбақ. Әлібек ОРАЗАЛЫ, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Адам саудасының құрбандарына алғашқы көмек ретінде оларды арнайы орталықтарына, оңалту орындарына жатқызылады. Сонымен қатар 30 айлық есептік көрсеткішінде өтемақы төленетін болады. Қазір бұл заң жобасы Парламентке енгізілді. Енді Парламент Мәжілісінде заң жобасы талқыланатын болады. Адам саудасы – жаһандық проблема. Әр адам әрекетке бармас бұрын түйсігімен ойланса, жауапкершілікті сезінсе, ақылмен шешсе. Қылмыскер ұсталар, жазасын алар. Бірақ қор болған өмірді ешкім қалыпқа келтірмейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды