Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері елордалық сайлаушылармен кездесті. Олардың арасында жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары бар.«Дөңгелек үстел» форматында өткен жиында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы көпшілікке таныстырылды. Жиылғандар өздерін толғандыратын мәселе бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Партия мүшелері еліміздің барлық өңірін араламақ. Таяуда Көкшетау қаласына баруды жоспарлап отыр. Ал жалпы 500-ден астам іс-шара өткізіп, жергілікті халықтың мәселесімен етене танысу жоспарланған. Асхат РАХЫМЖАНОВ, ЖСДП ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі кездесуге студенттермен қатар оқытушылар және қала тұрғындары келді. Ашық форматта пікірталас ұйымдастырдық. Барлық сауалдарға жауап беруге тырысып, тілектерін де тыңдадық. Әсіресе, білім беру саласы бойынша сұрақтар көп болды. Бар білгенімізбен бөлістік. Кездесу өз деңгейінде өтті деп ойлаймыз.