Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр.Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің барлық өңірінде жүргізуді жоспарлап отыр. Олар бүгін Астанада адам көп шоғырланатын орындарға барып, партияның парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сондай-ақ елордалықтарға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, үгіт-насихат парақшалары барлық өңірлерге жеткізілген. Бұл саяси науқанға мыңға жуық ерікті атсалысуда. Ұйым мүшелері еліміз бойынша 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Талғат ОМАРОВ, ЖСДП МҮШЕСІ: Агит материалдар таратып жатырмыз. Бүкіл өңірлерге жеткізілді агит материалдарымыз. Біздің материалдарымыз әр үйге кіреді деп сенімдіміз. Өйткені көмекке келген өте көп волонтерымыз бар. Волонтерлер келіп, қазір олар әр үйге кіргізіп жатыр, әр магазинге таратып жатыр.