Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлер елордалық сайлаушылармен кездесті.Партия мүшелері студенттер мен болашақ жас мамандарға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әрбір бағытын жіті түсіндірді. Көпшілікті әсіресе білім беру, жұмыспен қамту жайы мен медицина саласы бойынша мәселелер қызықтырАды. Осы тақырыпты қызу талқылаған олар өз ойларын ортаға салды. Жалпы саяси бірлестік тарапынан еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін партия белсендерілері 60-қа жуық іс-шара өткізген. Оған мыңнан астам азамат қатысты. Асхат РАХЫМЖАНОВ, ЖСДП ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде өтті деп ойлаймыз. Кездесуге келген жастар ашық түрде пікірлерімен бөлісті. Сұрақ-жауап алмастық. Олардың белсенділігі ерекше қуантты. Жалпы біз, үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің барлық өңірінде өткізіп жатырмыз. Аймақтық штаб өкілдері өз өңірлеріне қарасты елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесу ұйымдастыруда.