Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабында жиын өтті. Депутаттыққа үміткерлер сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарламасын тағы бір пысықтап алды. Сондай-ақ, партияның аймақтарға жоспарланған іс-сапарларының реті мен жоспарын нақтылады. Жұмыс кестесінің аралық қорытындысын шығарып, алдағы екі аптадағы міндеттерді айқындады. Қазір еліміздің барлық өңірінде штабтар жұмыс істеп тұр. Ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратуға мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Бүгінге дейін партия мүшелері 300-ге жуық іс-шара өткізді. Енді оның санын 500-ден асыру жоспарланып отыр.Мақсұт НАСИБУЛОВ, ЖСДП МҮШЕСІ: Бізде барлық республика бойынша кездесулер жүріп жатыр,сайлаушылармен,жергілікті халықпен. Сонымен қатар агитпоезд,барлық елдімекенді қамтып жатырмыз. Ол біздің республикалық штабтан Астанадан бастау алды. М. Жолдыбалин