Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өкілдерінің сапары бүгін Көкшетау қаласында жалғасты.Партия мүшелері жергілікті тұрғындарды сайлауалды бағдарламамен кеңінен таныстырды. Олардың арасында ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларының еңбеккерлері бар. Басқосуға жиналғандар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, қаладан шалғай орналасқан елдімекенде тұратын азаматтар орталыққа қатысты өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды. Өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Партия мүшелері қойылған әрбір сұрақты мұқият тыңдап, сол проблемаларды шешуге ниетті екенін жеткізді. Ілияс ЖАНҒАЛИ, ЖСДП МҮШЕСІ: Әлеуметтік, тұрмыстық бағдар бойынша сұрақтар қойылды, ол медициналық жағынан. Ол әлеуметтік саласындағы ең өзекті мәселе болды. Сол мәселелер бойынша бүгінгі жиында өте ауқымды, жоғары деңгейде іс-шара өткізілді.