"Жұбайым мен немерем бақилық болды": елімізге танымал әнші аса ауыр дертке шалдыққанын мәлімдеді

Елімізге белгілі композитор, халық арасында кеңінен танылған "Тұмарым" әнінің авторы Рамазан Елібаев ауыр дертке ұшырады. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Композитор 15 жылдан бері мазалаған Паркинсон дерті өміріне қауіп төндіріп тұрғанын айтты. "Айналайын, құрметті қазақ елім! 15 жылдан астам мазалаған, мүгедек қылған Паркинсон атты дерттің соңғы дәрежесіне шалдығып, 2-топтағы мүгедекке айналдым. Аса ауыр, миды, жүйке жүйесін құртатын токсикалық дәрілерді ішуге тура келеді. Дәрілерді ішпесем сөйлей алмай, жүре алмай, тамақты жұта алмай, қақала, шашала беремін, тіпті, осыдан 2 рет өлім аузынан қалғанмын. Осыны жеңілдететін, миға арнайы құрылғы орнататын отаны туыс Түркия елінде жасайды. Арнайы консультация нәтижесінде олар маған ота жасауға дайын екендерін айтты. Алайда құны қолжетпес сома, яғни, 29000 АҚШ доллары тұрады. Бұған біздің шамамыз келмейді. Оған қоса былтыр жарым, балаларымның анасы, жан-жолдасым марқұм боп кетті. Оның алдында кішкене немерем де бақилық болған еді. Әрине, біз оны Жаратушымыздың жіберген сынағы деп біліп, көтеріп келеміз, бірақ пенде болғандықтан, өмірде қиналмай, балаларымды қинатпай, өз аяғыммен жүріп, өз-өзімді күткім келеді. "Үмітсіз шайтан" демекші, үміт үзбей сіздерден, өзімнің жанашыр, жомарт, иманы берік халқымнан көмек сұраймын. Оған айып етпеңіздер айналайын жұртым, халқым, құрметті Қазақ елім", - деп жазды сазгер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Балалар омбудсмені Оралдағы оқушы қыздың буллингке ұшырауына қатысты үн қатты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»