Жұбайына қатысты шағым жазудан бас тартқан: Түпқарағанда полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады

Түпқараған ауданының тұрғыны көршісінің үйінде баланың жылаған және әйел адамның айқайлаған даусын естіп, 102 нөміріне хабарласқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, көрсеткен үйді тексеру барысында К-ның зайыбы А-мен сөзге келіспей, оны балағаттап, күш қолданғаны және ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталған. Алайда, жәбірленуші жұбайына қатысты шағым жазудан бас тартқан. Соған қарамастан полиция қызметкерлері К-ге қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған. Сотта К. оқиға бойынша кінәсін мойындап, болған оқиға үшін зайыбынан кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта қайталамайтынын айтса, жәбірленуші А. жолдасын кешіретінін, ешқандай талабы жоқ екенін көрсеткен. К-нің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, өзінің кінәсін мойындау туралы жауабымен, көршісінің арызы және түсініктемесімен дәлелденді. Әкімшілік жаза қолдану барысында жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсінің мойындауын танылса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған, деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді