Жұбайының келісімінсіз несиеге тыйым салу : Ұлттық Банк басшысы қазақстандықтарға ұсынылған заңға пікір білдірді

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстанда жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салуды көздейтін заң жобасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тимур Сүлейменов бұл мәселені ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдаған дұрыс екенін алға тартты. "Екі мекеме де қаржы реттеушісі болып саналады. Бірақ біз Ұлттық Банк макропотенциалдымыз, яғни жалпы жүйеге жауаптымыз. Ал агенттік екінші деңгейдегі банктердің қызметіне тікелей байланысты мәселелерді реттейді. Сондықтан, әрине, бұл сұрақ оларға қойылуы тиіс", – деп түсіндірді ол. Ұлттық банк басшысы жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салу туралы заңға өз пікірін де білдіре кетті. "Менің ойымша, нормаларды ақылмен қолдану керек.Түсінуімше, агенттік қазір бұл келісімді қандай да бір шекте жасайды. Яғни, егер біреу жалақыға дейін 50 мың теңге қарыз алғысы келсе, жұбайының келісімі қажет емес болады. Ал егер ол 10 миллион теңге қарыз алғысы келсе, онда, әрине, бұл қарызды кейін екеуіне бірге өтеуге тура келеді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтап, мәселе болмау үшін мұндай шараның болғаны дұрыс. Себебі егер адам жауапсыз болса, өзінің ғана емес, сонымен бірге отбасының да әл-ауқатына қауіп төндіреді. Мұндай жағдай болмауы керек. Барлығында бірге келісім болуы керек. Отбасы болғасын бұл шешімді бірге қабылдаған жөн” - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұхамед Салах Уэйн Рунидің рекордын жаңартты 
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық қамауға алынды
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі