«Жүгір немесе өл»

Жасөспірімдердің қылмыстық психологиясы жайлы мектептерде ата-аналарға жиі айтылғанымен, көңілден шығатын нәтиже аз.Бұл туралы Ortalyq.kz сайты жазады. WhatsApp мессенджерінде балаларға арналған «Жүгір немесе өл» жаңа ойыны қазіргі таңда көп баланы компьютер мен телефонның алдына шақыруда. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі «Әлеуметтік желілерде жасөспірім балалардың қауіпті әрекеттері туралы «Жүгір немесе өл» деп аталатын бейнероликтер тарап жатыр.Бүгінге дейін біздің елде мұндай фактілер тіркелген жоқ» деген түсініктеме берді. Соған қарамастан, биылғы 9 айда республика бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 200-ден астам бала қаза тапқан. Үш мыңға жуық адам жарақат алған.Самат Қайратұлы есімді қарағандылық кішкентай тұрғын «Жүгір немесе өл» ойынын әлі ойнайтынын айтады. Ол ойын барысында бағдаршамның қызыл жарығы кезінде жолды кесіп өтуге асығады екен.– Онда жолды кесіп өту керек, сол үшін көліктерге жақын жүгірген жақсы. Ол жерде көліктің алдынан тікелей жолды кесіп өту керек. Егер жолды жүгіріп өтіп, аман қалсаң жеңімпаз боласың. Мен әлі жеңімпаз болған жоқпын, – дейді 8 жасар оқушы. Ойынды зерттеп көрсек, кураторлар жасөспірімдерге психикаға әсер ететін тапсырмалар береді. Басында тіркелуші өлім туралы ойламастан, қызығып ойнай бастайды. Кейін ойын барысында қысымға ұшырап, соңғы жол – өлімге итермелейді. – Көп жағдайда 9-14 жас аралығындағы балаларда өлім ойындарын ойнау жиі кездеседі. Жеткіншектер бейнелер мен суреттер арқылы ойланып, интернеттен көргендерін нұсқау, тапсырма деп қабылдайды. Мұндай ойындарды ата-анасының тиісті назары мен қамқорлығынан айырылған балалар көбірек ойнайды. Сол арқылы өзінің жеңісін басқаларға дәлелдегісі келеді, – дейді қарағандылық психолог Сымбат Қуанышқызы.Психологтың айтуынша, танымал ойын арқылы жасөспірім өзін өлімге итермелемес үшін, ата-ана баласымен сөйлесіп, оған мұндай ойын-сауықтың қауіптілігін ескертуі тиіс. Көлік қағып кетудің салдарынан өмір бойы мүгедек болып немесе өліп қалуы мүмкін екенін түсіндіргені жөн.   Облыстың ішкі істер департаментіндегі жедел сақшылар биыл облыста оқу орындарына іргелес аумақтарда 261 құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Жасөспірімдер құқығының бұзылмауын көздеген аймақтың тәртіп сақшылары осы мақсатта 300-ден астам білім ошақтарын аралапты. – Әзірге Қарағандыда «Жүгір немесе өл» ойынына қатысты дерек тіркелген жоқ. Алайда, құрғақ асфальтпен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік тағы 20 метр жүргенде ғана тежегішті тежей алады. Қауіпті оқиғаның орын алуына үш секунд жеткілікті, – дейді ішкі істер департаментінің мамандары. Балалар мен жасөспірімдердің білмей қылмысқа ұрынбауын ескерген олар «Мектеп» жедел-алдын алу шарасын ұйымдастырып, кәмелетке толмағандарға дәрістер оқыған. Қоғам белсенділері де мектеп оқушыларына жолда не істеуге болмайтынын түсіндіріп, үнемі іс-шаралар өткізеді. Бірақ, олардың айтуынша, тіпті мұғалімдердің көмегімен де әр баланың санасына жете жеткізу оңай емес. Соңғы уақытта мектеп оқушыларының телефондарына «Жүгір немесе өл» ойыны жайлы ұсыныстар жиі түседі. Жолға шығып, жақындап келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге шақыратын ұсыныстар да азаймай тұр. Психологтар ата-аналарға апта сайын баланың әлеуметтік желідегі парақшаларына кіріп, немен айналысып жүргенін тексеріп, зерттеуге кеңес береді. Олай болмаған жағдайда, балаңыз суицидтік ойынның құрбаны болуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл шәкіртақы тағы өседі: Алматыда қанша студент білім алып жатыр
Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды