Отандық танымал блогер Жанерке Елшіннің отбасы тағы бір сәбимен толықты. Желі жұлдызы үшінші сәбиін дүниеге әкелген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол көпшіліктен сүйінші сұрап, перзентханадан суреттерін жариялап қойды. "Аллаға сансыз мадақ. Көз жасым әлі тоқтар емес. Анашыма мың тағзым. Әлемдегі барша ана деген ұлы жаратылысқа басымды идім тағы бір мәрте. Ерекең екеуіміз үшінші рет ата-ана деген атқа ие болдық. Салиқалы ұрпақтан болғай. Аллам ұл тілегенге - ұл, қыз тілегенге - қыз нәсіп етсін деп тілеймін шын жүректен. Жұғысты болсын", - деп жазды Жанерке Елшін. Блогер ару үшінші перзентінің кіндік әке-шешесі ретінде белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова мен оның күйеуін таңдаған. Айтыскер перзентханада Жанерке Елшіннің қасынан табылып, сәбидің кіндігін өзі кескен. "Кішкентайымыздың кіндік әке-шешесі ретінде отбасымызбен үлгі алатын жанұя - Есіл ағам мен Сара әпкемді таңдадық. Ағамыз бір сөзді, сондай салмақты нағыз ер азамат болса, әпкемізді өздеріңіз білесіздер, сәби көтерер алдында тілекші болып, Сүйкімдінің дорбасынан арқалатып, сыйын жаудырып жүрген қазақтың аузы дуалы біртуар ақын қыздарының бірегейі. Байқасаңыздар, ботақанымыздың кіндігін өз қолымен кесті. Барша жақсы қасиеттері жұғысты болсын деп ырымдаймыз", - деп жазды желі жұлдызы. Арнамыздың жаңалықтарын мына сілтемеден көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=0IxnBsxoD4g