Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Оқиға кеше сағат 17-10 шамасында болған. Polisia.kz. таратқан ақпаратқа сәйкес, №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелі. Жол апаты салдарынан 49 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.