Жүк тасымалдаушы компания өкілдері мәжіліс депутатына жүгінді

Қостанайда «АMANAT» партиясы жанындағы көлік және логистика комитетінің алғашқы көшпелі отырысы өтті.Келелі кездесу барысында тасымалдағы түйткілдер талқыланды. Жүк көп.Рұқсат жоқ. Мәжіліс депутаты Самат Ақышев аймақтағы кәсіпкерлер мәселесін тиісті министрлік жиындарында көтеріп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Қостанайдағы қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар құны қымбат автобусқа ақшамыз жетпейді деп отыр. Шаһар билігі былтыр маршрутқа 5 жаңа автобус қосқан. Алайда техниканы субсидиялау жолы мүлдем түсініксіз. Мысалы лизинг алушы ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация белгіленсе, тасымалдаушы компания демеу қаржыны өнеркәсіпті дамыту қорына аударады. Яғни жолаушылар таситын кәсіпорындар үкімет ақшасын мақсатсыз жұмсауға мәжбүр. Самат АҚЫШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Билік өкілдерімен бірлесе отырып мәселенің оңтайлы шешу жолдарын табамыз деп ойлаймын. Дәл осындай партиялық алаңдарда түйткілдер түгел көтеріліп, анық ақпарат айтылады. Адамдар өздерін толғандырған өзекті проблемаларды, жанайқайын жеткізеді. Оларды тыңдау,мәселенің мәнісіне бару өте маңызды. Сондықтан көшпелі отырыстың тиімділігі де осында жатыр деп ойлаймын. Тасымалдаушыларды толғандырған тағы бір мәселе - шет елге жүк тасу үшін берілетін бланктің тапшылығы. Бұл түйткіл былтыр сәуір айында туындай бастаған. Әлгі рұқсат қағаз халыққа қызмет көрсету орталығында жеке кәсіпкерлерге де беріледі. Жүк тасымақ түгілі, көлігі де жоқ кейбір пысықайлар құжатты сатып алып, кейін тасымалдаушыларға құнын екі еселеп сататын көрінеді. Ал нақты жүк тасымалымен айналысатын компанияларға жетпей қалады. Сондықтан жүк көліктерін жалға берушілердің жолын кесіп, шет елдік жүк көліктерді Қазақстанда тіркеуді тоқтату керек дейді кәсіпкерлер. Алдан МЕНКЕЕВ, ЖҮК ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: Ресейлік тасымалдаушыларды Еуропаға енгізбей қойғандықтан, олар еліміздің барлық бағытында жүре бастады. Ал біз болсақ Ресейліктердің орнын басып Еуропа нарығына , алыс шетелге шығуымыз керек еді.Бірақ жүре алмадық.Өйткені бізде рұқсат қағаздары болған жоқ. Шынтуайтына келсек әлгі қағаздар болды. Тек министрліктің комитеті реттей алмады. Рұқсат қағаз беруді тиімді жолға қоя алмады. Соның салдарынан жасанды тапшылық туғызды. Делдалдардың дегені болды. Солар алып бізге қайтадан 500- 1000 долларға сатты. Көшпелі отырыс барысында теміржолдағы тасымалы да талқыға түсті. Шойын арбаның тапшылығынан кейбір кәсіпорындар жұмысын тоқтатса, тағы біреулері қаңтарылған вагон үшін қомақты ақша төлеуге мәжбүр екенін айтады. ҚТЖ-ның басшылары жүк тасымалын жүйелі жолға қоя алмай отыр, дйеді логистика өкілдері. Олеся ШАРАВИНА, ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: Тасымалдаушыдан тауар алушыға дейін зардап шегіп отыр.Шығынға ұшырап жатыр. Диірмендер жабылуда. Кейбір тауарлар межелі жерге жеткенше бұзылып кетеді. Өйткені жүк тиелген вагон 20 күнге дейін қаңтарылып тұрып қалады. Көлік және логистика комитетінің алғашқы көшпелі отырысында өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Мәжіліс депутаты Самат Ақышев аймақтағы кәсіпкерлер түйткілін жеке бақылауына алып, тиісті министрлікке жеткізетінін айтты. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді