Жүктімін деп жазадан құтылғысы келген

Талдықорғанда көлікті мас күйде жүргізіп, жүктімін деп алдаған қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Жақында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтаманы ұсынды. Осылайша, бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақ болған. Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды. Естеріңізге сала кетейік, жақында патрульдік полиция қызметкерлері қатты мас күйінде Haval көлігін басқарған 24 жастағы қызды ұстаған. Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда сотта ол қамауға алу түріндегі жазадан құтылу мақсатында жүктілігін растайтын медициналық анықтаманы ұсынды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Елордалық оқушылар есте сақтау қабілеті бар ақылды розетка жасап шығарды
Аяз және боран: бүгін ауа райы қандай болады?
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды
Әлемде: TikTok Илон Маскқа сатылады, ХАМАС тұтқындарды босатпақ, Корея президенті қамалды
Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды
2025 жылы Қазақстанда 175 мың тұрғын үй салу жоспарланған
Есірткі құралдарының айналымы: 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Батыс Қазақстанда қауіпті химиялық заты бар жүк көлігі аударылып қалды
Қазгидромет Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
Доллар, еуро: Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Батыс Қазақстанда химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль тұтқындалды
Алматы-Өскемен тасжолында 18 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (видео)
"Алматы-Өскемен" жолында 18 көлік соқтығысқан жол апаты болды
Биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
ChatGPT-дің жаңа көмекшісі бір уақытта 10 тапсырма орындайды және оларды еске салып тұрады
Семейде былтыр қазанда із-түссіз жоғалған тұрғын өлі табылды
Алматы – Өскемен автожолында 18 көлік апатқа ұшырады
Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан