Отандық жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ”Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасымен тойға дайындалып жатқанын айтып, көпшілікті қызықтырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Әншілердің әлеуметтік желіден қызу дайындыққа кірісіп кеткенін байқаған жұртшылық тұңғыш ұл Бекболат келін әкелгелі жатыр деп топшылаған.“Бекболат бұйырса екі досына жігіт жолдас болды. Ер кезегі үшке дейін. Енді үшіншісі өзіңнің тойың болсын деп айтып жатырмын. Бір әрқашан қолдаймыз, дайынбыз”, – деп көп сұраққа нүкте қойды әулеттің отанасы. Сондай-ақ ол айдың аяғына жоспарланған тойдың себебін айтты. “Ең бірінші тойымыз “Ұлытау” тобының концерті болса, екінші тойымыз Аяламыз биыл мектепке барды. Айзадамыз үш жасқа толды. Жалпы үйдегі гүлдерімізе, қыздарымызға ерекше ықылас болсын дедік. Оның үстіне мектеп табалдырығын аттағандықтан ол да бір өміріндегі маңызды, елеулі жайт. Әкесі “Концертке дейін ештеңе қоймай-ақ қояйық. Абыроймен атқарып алған соң тілашарды көп ұзатпай келесі күні-ақ жасаймыз” деді. Әкесінің тілегін қабыл алдық. 24 қазан концерт, 25 қазан Аяламыздың тілашар тойы”, – дейді Қарақат Әбілдина.