Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында қос келінімен түскен видеосын жариялады. Ал көпшілік видеодан әулеттің бірінші келіні Жұлдыз Әбдукәрімованы іздеп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Гүлзира Айдарбекова видео астына "Генерал келін сарбаз келінге өктемдік жасағанда" деп жазған. Ал продюсердің қос келінін көрген көпшілік бірден Жұлдыз Әбдукәрімованы іздей бастаған. "Жұлдыз кімнің келіні?", "Генерал келін Жұлдыз ғой", "Екі келіні де жарасады. Бірақ Гүлзира ханым үшін Жұлдыздың орны бөлек сияқты", "Жұлдыз қайда?" ,"Жұлдыз отставкаға кеткен бе?", "Әділетте болсаңыз, келіндеріңіз де тату болады", "Жұлдыз "әулеттің келіні" деген мәртебеден айырылып қалған ба?"- деді көпшілік. Желі оқырмандарының арасында қос келіннің бірлігіне тамсанғандар да табылды. "Ауызбіршілігі жарасқан келіндер", Индира, жарайсың", "Айгерім - атасының келіні", "Халқым, неге әзіл түсінбейсіздер", "Екі келініңіз ұқсайды", "Керемет отбасы" , "Жарайсыңдар" - деді жұрт. Айдарбекованың өзі жазылған пікірлерге қатысты ойын жазуды ұмытқан жоқ. "Бұл жай әзіл ғой. Неге күйіп-пісіп жатырсыздар? Үш келін-ұлдарымыз тұрғанда біздікі. Біреуі жаман еді десем, жақсы келіндеріңізді ауыстырып бересіздер ме, қалай? Сол үшін бөліп-жарудың қажеті жоқ. Біздің ұрпағымызды жалғастырып отырған соң өміріміздің жалғасы осылар. Бір-біріне азғыруды қойыңыздар. Ең бастысы, аман болсын. Бірде олай, бірде бұлай, бұл өмір ғой. Бәрі де уақыты келгенде жақсы болады. Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін", - деді Қайрат Нұртастың анасы.