Әлеуметтік желіде түріктің танымал актері Бурак Озчивиттің Алматыдағы фан-кездесуі кезінде түсірілген видео пайда болды.29 қыркүйекте Алматыда түрік актері Бурак Озчивиттің фан-кездесуі өтті. Кездесу кезінде түсірілген видеолар желіде пайда болды. Соның бірінде шетелдік актермен суретке түскісі келгендердің таласы сипатталған. Өзіне қарай жүгірген жергілікті жанкүйерлер актерді шошытып жіберді. Суретке түсуге асыққандар оны тарқылап та есін шығарды. Негізі, актер орындықта отырып, адамдар сұрағына жауап беруі керек болған. Алайда онымен бірге суретке түскісі келгендер толастамаған. Ал осы кездесуді ұйымдастырғандар қалың адамды тоқтата алмаған. Желіде пікір қалдырушылар шетелдік қонақтарды елімізде қабылдау мәдениетінің төмендігін сынайды.