Жұманғарин Ақтөбенің ТЖ жарияланған ауылына барды

Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы әлеуметтік мекемелердің жағдайын қарап, ондағы тұрғындармен кездесті.Қобда аудан орталығында 1 530-дан астам үй бар. Мұнда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған. Ауылдағы 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды, олардың арасында мектеп, спорт кешені, дүкендер бар.9 сәуірдегі жағдай бойынша 25 үй толығымен қираған, 12 үй – апатты жағдайда. Тұрғындар 2024 жылғы 27 наурыздан бастап эвакуациялық пунктілерге орналастырылған. Бұл ауылда су тасқыны жиі болады. Өткен жылы зардап шеккен тұрғындарға бұрынғы саманның орнына кірпіштен жасалған үйлер салынып берілген. Вице-премьер осындай үйлердің біріне кірді. Менің бұрынғы 76 шаршы метр үйім саманнан соғылған еді, әрине, проблема көп болды. Қазіргі үйіміз кең, 10 сотық жеріміз бар, бау-бақша өсіруді жоспарлап отырмыз. Мен мұғаліммін, мектепте биолог-географ мамандығы бойынша жұмыс істедім, қазір зейнеттемін. Бүгінде ардагер педагогтар комитетін басқарамын, қоғамдық жұмыстармен айналысамын, - дейді үй иесі Назифа Алдрабекова. Серік Жұманғарин су басқан спорт кешенін аралап көрді. Қалпына келтіру жұмыстары әлі басталмаған. Ол сондай-ақ спорт мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктіге барды. Мұнда 13 адам орналастырылған, тағы 30 адам – басқа жақта. Кейбір тұрғындар – туыстарының үйінде немесе өз үйлеріне оралған, басқа барар жері жоқ тұрғындар осы пунктілерге жайғасқан. Олардың арасында 75 жастағы Николай Лашко бар. Оның үйін қалпына келтіру мүмкін емес. Николай Александровичтің жасалған жағдайға шағым айтқысы жоқ, бірақ үйіне оралғысы келетіні сөзсіз. Вице-премьер Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевке зардап шеккендерге арнап жаңадан үй салуды тезірек бастауды тапсырды. Ол үшін инфрақұрылым жүргізілген орын қарастырылған. Сонымен қатар Қобда ауданын аралау кезінде Серік Жұманғарин батып кеткен үйлер мен Сауқайың бөгетін аралап шықты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жыл мерекесінде жол қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді
Жұлдыз жорамал: 1 қаңтар күні сізді не күтіп тұр
Елена Рыбакина жаңа жылды кезекті жеңіспен бастады
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
"Тұман, көктайғақ, бұрқасын": тоғыз өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ақтөбеде 58 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алды
Анасына тосынсый жасамақ болған жігіт жол апатынан қаза тапты
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)