Елордада «Құрмет» құрылыс компаниясының қызметкерлері 3 ай бойы жалақы алмаған. Айтуларынша, компания басшылары еңбекақыларын беруден жалтарып, түрлі сылтаулармен кейінге шегеріп жүрген көрінеді. Мәселенің мән-жайын әріптесім Мирас Жолдыбалин білді.«Үш айдан бері жалақы алмадық. Күн көруіміз қиындап кетті». Құрылысшылар осылай деп шағымдануда. Айтуыларынша, компания істеген жұмыстарын қабьлдамай, еңбекақыларын бермей отырған көрінеді. Өздерінің есептеулерінше, 3,5 миллион теңге табыстарын алмаған. Әлима ЖҰМАБАЕВА, ЖҰМЫСШЫ: Біз мына ЖК-да жұмыс істегенбіз.15-20 адам,тағыда күндікке қосымша адам жалдадық. Біз бұл жақтың 4 подьездінде, паркингінде жұмыс жасадық. Чистовой жақтық, штурка істедік, левкас істедік одан кейін бірінші этаж, екінші этаж щелк істедік полный. Тұрғындар риза болды. Ал бізде мында бастығымыз Алтынай деген кісі қабылдамай жатыр жұмысымызды. Бізге енді ешқандай қарыз емеспін дейді. Қайрат ӘШІМОВ, ЖҰМЫСШЫ: Біз 50-40 адам жұмыс істегенбіз. Қазір олар каждый өз жұмысында жүр. Ақшамызды берсін енді! Біз бүйтіп қалдырмаймыз. Жазатын жерге жазып, енді әділдігін іздейміз. До конца барамыз. Мәселенің мән-жайын білмекші болып, компания өкілдерімен сөйлестік. Мардымды жауап бермеді. Барлық сұрақтарды заңгерлерге қойыңыздар. Қазір байланыс телефондарын беремін. Қандайда бір сұрақтарыңыз болса біздің заңгерлерге жүгініңіздер. Барлық сұрақтарға жауап аласыздар. Басшылар қазір мекемеде емес. Заңгердің де телефонына қоңыраулатып, дамыл бермедік. Бірақ тұтқаны сол күйі көтермеді. Адал еңбекақысын талап етіп жүрген жұмысшылардың келісімшарттары жоқ. Бірақ енді прокуратураға шағымданамыз деп отыр. М. Жолдыбалин