Америкалық Атланта штатының тұрғыны демалыстан келіп, үйін біреулер қателесіп қиратып тастағанын анықтаған. Kazinform бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Сьюзан Ходжсон Associated Press басылымына берген сұхбатында өткен айда демалыстан келіп, бұрын үйі болған жер үйіндіге айналғанын көрген. «Ашуланып тұрмын. Үнемі мұның бәрі әзіл шығар деп ойлаймын. Есеңгіреп қалдым», - дейді Ходжсон. Үй иесінің айтуынша, оған көршісі хабарласып бос үйді сүруге адам жалдадың ба деп сұрапты. Ходжсон «жоқ» деп жауап берсе, көршісі «жаңа ғана біреу сенің үйіңді сүріп кетті» деп хабар берген. Содан кейін көршісі жұмысшылармен сөйлесіп, сүруге рұқсат беретін қағазды көру үшін сол үйге барған. Сөйтсе, олар мекенжайдан қателескен болып шығады. Үй иесінің айтуынша, 15 жылдан бері онда ешкім тұрмайды. Бірақ көгал тегістеліп, аула тазаланып, салық уақтылы төленеді. Ходжсон полицияға арыз жазып, адвокаттармен сөйлескенін айтты, бірақ жағдай әзірге өзгеріссіз болып тұр. Сүруге жауапты компания өкілдері үй иесімен байланысқа шықпаған. Компания WAGA-TV телеарнасына берген мәлімдемесінде оқиғаны тергеп жатқанын хабарлады.