Жұмысшының еңбегін бағалап, марапаттау - біз үшін үлкен бақыт", - инженер

Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. "AMANAT" партиясы Республика күні қарсаңында еңбегін ел мойындаған жандарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов шараға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, маңыздылығына тоқталды.Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр. Осы ұлық мереке қарсаңында еңбегін ел мойындаған азаматтар мемлекеттік және партиялық наградтармен марапатталды. Марапат төрінен көрінгендер қатарында құрыш қолды құрылысшылар, ақ халатты абзал жандар, білгенін балаға үйретуден жалықпаған ұстаздар, кеншілер мен жұмысшылар бар. Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру бағытын жүзеге асыруға атсалысқан жандардың еңбегі елеусіз қалмады. "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" мемлекеттік наградалар табысталды. Сондай-ақ, өз саласының үздіктері "Белсенді қызметі үшін" партиялық марапатқа ие болды. Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мен үшін бүгінгі марапат, бүгінгі осындай құрмет үлкен мәртебе. Ойлап отырсам қоғамдық жұмыспен мектеп жасынан бастап айналысады екенмін. Сондықтан, менің азды-көпті еңбегімді бағалап, марапат ұсынып, құрметтеп отырған "AMANAT" партиясының басшылығына, бәріне үлкен алғысымды айтамын. Тілектес ҚАРҒАБАЕВ, «ҚАЗФОСФАТ» ЗАУЫТЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-МЕХАНИГІ: Енді, еліміздің экономикасы еңбектен басталады ғой. Еңбек саласында көптеген адамдар қызмет етіп жатыр. Солардың ерен еңбегін бағалап, жоғары деңгейде марапаттау біз үшін үлкен бақыт деп ойлаймыз. Еңбекпен шыңдалады ғой адам. Қайда барсаң да, қандай табысқа жетсең де бәрі еңбектен басталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сауда орны сүрілді
«Фантазия деп осыны айт»: өкшесі бар галош аяқ киім жұртты күлдірді (ВИДЕО)
Мақтааралда оңалту орталығының басшысы мен есепшісі 85 млн. теңге жымқырған
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Елімізде нашар көретін адамдарға жағдай жасалады
Өскеменде мас ер адам дүкенді тонап кетті
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Заңсыз көші-қонның қылмыстық схемалары ашылды
Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталған
Алматы вокзалының қызметкерлері 200 млн теңгеге тауар ұрлаған
Астаналықтарға 5 млн теңгеден беріледі
Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды
Таиландтан сәлемдеме алған қазақстандық 16 жыл жаза арқалады
«Бастысы мамам мәз»: Жаһан Отарғалиев үшінші рет үйленгені туралы айтты
Қазақстандық Таиландтан келген сәлемдеме үшін 16 жылға сотталды
Қазақстанда алғашқы ұлттық мектеп ашылады
Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды
Сенат Әділет министрін судьялық қызметінен босатты
Сенат Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтатты