Танымал әнші Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Абай Бегей келіншегі мен қыздарына түн ортасында тосынсый жасап, әсерлі сәтпен бөлісті. Фариза отағасын “тақсыр” деп атайтын көрінеді.Ол қыздардың өзін алғашында қалай қабылдағанын баяндап берді. “Түн ортасында жылап отырмын… Үйлену тойымыз болып, тақсыр қыздарды Алматыға алып келемін деді. Үлкен айқай-шу болды, оның шет-жағасы бәріңізге мәлім. Есімде, таңның уақыты, дастархан жайып, әуежайдан тақсыр мен екі қызымды күтіп отырмын. Ішім деген алай-дүлей, бір бөлмеде ары-бері жүрмін. Бір кезде келді, есікті аштым, екі кызым тұр, бетіме суық қарады (көңіл күйлері жоқ) да ішке кіріп кетті, папалары “амандасыңдар” деп еді, үндемеді. Жүрегім сондай қан жылады, білдіртпедім. Маған мүлдем сөйлемейді, сұрақтарыма жауап бермейді. Барымды салып тәтті тамақтар пісірдім, бірақ жемеді. Тек дұғамды жасап, жаймен жаймен алдастырдым. Әлі күнге дейін сол дұғам мен алдастыру”, – деп жазды Абай Бегейдің келіншегі. Сондай-ақ ол өзі туралы жағымсыз пікір жазатын хейтерлерге жауап берді. “Мені сөгетін адамдарға бір айтарым, әлі күнге дейін мен не істесем де, не айтсам да мың қадам алға ойланамын, саралап, саптап, өлшеп жасап айтамын. Соншама жыл жинаған махаббат пен қарым-қатынас маған қымбат. “Не істесем, ренжімейді, не айтсам, ренжімейді” деген ұранмен өмір сүремін”, – делінген жазбада.