Жүрек талмасынан көз жұмған болуы мүмкін

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты. Бұл туралы Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.«Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ. Сонымен қатар, пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады», делінген ведомство таратқан ақпаратта. Еске салайық, бұған дейін, 27 қаңтар күні сенатор Гүлмира Кәрімованың 45 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді
Су тасқынынан кейін 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
Бангладеш Республикасының әскери атташесі Қорғаныс министрлігінде болды
Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды
Жетісу облысында 28 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды
Себезгі гелі немесе сабын: дәрігер теріге қайсысы пайдалырақ екенін түсіндірді
Құлсарыда қаланы қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр
10 млн теңге пара алған: Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімінің үкімі өзгеріссіз қалды
ҚФФ УЕФА-ның футболға баулу жобасында үздік деп танылды
Су тасқыны: СҚО-да зардап шеккен 2972 отбасы өтемақы алды
Достықты ту еткен ансамбль
Бейбітшілік құсын баптайтын азамат
Қазақша ән салатын келіншек
Қазаққа судай сіңген Светлана
«Ұлтым басқа болғанмен, жаным қазақ»
Астана әуежайы түнгі уақытта рейстерді қабылдамайды
Атырау облысынан эвакуацияланған азаматтарға көмектескен маңғыстаулық еріктілер марапатталды
Қазақ сыныбында оқитын корей баласы
20 ұлыс өкілі оқитын мектеп
Алматыда көпқабатты пәтерден өрт шықты
Құлсары қаласын санитарлық тазарту басталды
Алматылықтар бірлік күнін ерекше атап өтті
Алматыда өрт шыққан үйден 27 жастағы әйелдің денесі табылды
Қазақстан халқының бірлігі күні бірлік аллеясына тал егілді