Жүргізуші куәлігін беруге қатысты өзгеріс енгізу ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков жүргізуші куәлігін беру саласындағы кемшіліктер жайында айтты.«Қазақстанда жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады, яғни жыл сайын жол үстінде үлкен бір ауыл тұрғындарының жоқ болып кетуімен пара-пар. 30 жылда жол апатынан қайтқандардың саны Ауған соғысында қаза тапқан КСРО әскер санынан 4 есе асып отыр. Жол апаты салдарынан болатын экономикалық шығынның көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің 3% құрайды. Жол апатынан қаза тапқандардың саны жыл сайын өсіп келеді», - деді О. Құспекова ҚР Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында. Сарапшылардың пайымдауынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюінің негізгі себебі – емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігі. Ондай көмекті емтиханды өткізуді ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері де, арнаулы халыққа қызмет көрсету қызметкерлері де ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылардың саны орташа есеппен 424 мың адамды құрайды. Шамамен олардың 10 пайызы – 42 мың адам куәлікті сатып алса, сатудан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады. «Адам өліміне әкелетін осындай қылмыстардың өршіп тұруына неге жол беріліп отыр? «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алуға емтихандарды қабылдау жөніндегі қызмет түрін үшінші тұлғаға заңсыз негізде беріп отыр. Бұл қызмет түрін нарыққа беру туралы шарт ешқандай заңда қарастырылмаған. Мердігер компанияға ақпараттық қауіпсіздік пен құрылғыларға қатысты қойылатын талаптар ескерілмеген. Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастау ұсынылып отыр», - деді депутат. «Сонымен қатар ол аталған мәселе бойынша Ішкі істер, Цифрлық даму, министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құруды ұсынды. «Сыбайлас жемқорлық белгілері бар тәуекелдерге түбегейлі талдау жасап, болашақта оларлы болдырмау жайлы механизмді енгізуді, сондай-ақ аталмыш мемлекеттік қызмет түрін бәсекелестік жағдайында және Қазақстан заңдарын сақтай отырып нарыққа беруді ұсынамын», - деді Олжас Құспеков.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көктайғақ, боран, 27 градус аяз: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық қар барысы күнін ресми түрде бекітті
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады