Жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік өңірлерде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан. Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан “көмекшілер” кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген. Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды. Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Алматы тауларында алғаш рет бұлақтарды абаттандыру жұмыстары аяқталды
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Ақмолада туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды
Алты өңірде жүргізушілерге ескерту жасалды
Асқазанда үрленетін баллон артық салмақтан арылуға көмектеседі
Оқушыларымыз IJSO халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
«AMANAT»: Сыр өңірінде 106 отбасы баспаналы болды
Түкіру, мұғалімді балағаттау. 1 қаңтардан бастап айыппұл қанша теңгеге өседі?
«Жұмыстың қиындығы білінбейді» – қар тазалаушы Қарлығаш апай
Доллар, еуро, рубльдің 12 желтоқсандағы бағамы қандай?
Танымал әншіге сүйіктісі Қытайда үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
2025 жылы декреттік төлем қалай өзгереді?
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады