Павлодарлық полицейлер мас күйде көлік басқарған азаматты ұстады. Ол өзін ақтап алу үшін мас қызбен сүйіскенін айтты.Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері ғана қызмет инспекторлары мас күйінде автокөлікті жүргізудің 43 дерегін анықтады. Жүргізушілер өздерін ақтап алу үшін әрдайым жаңа және қызық себептер ойлап табады.