Әнші Абай Бегей бірнеше күн бұрын үлкен ұлы Жалғасты үйлендірді. Өнер иесі мен әйелінің құдалықтағы әрекеті желіде қызу талқыға түскен.Видеоны әншінің қызы Instagram парақшасында бөлісті. "Құдалық пен жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алудың өз қызығы бар екен. Маңғыстауда жоқ салтты көріп, қызықтап жүрміз. Шымкент пен Алматы арасына алтын көпір салынды. Тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық. Неше күннен бері түрлі сый-сияпат, бриллиант, шапандарын жаудырып жатыр", - деп жазды Абай Бегейдің қызы. Видеодан Абай Бегей мен әйелі Фаризаға арналған "Құда құрдасымдай, құдағи сырласымдай болсын" деген жастықты және көрпешені көруге болады. Салт бойынша әнші мен жұбайы осы көрпешеге жатып, аунаған. Ал осыдан соң қыздың жүгін көрсеткендер Абай Бегей мен әйелінің үстіне көрпе жабады. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін қызу талқыға салған. "Осы дәстүр біртүрлі", "Жастардың төсегіне өзге адам жатуға болмайды", "Ерсі екен", "Мұндай да салт бар екен-ау", "Құда мен құдағиға арнайы әкелген көрпе ғой. Келіннің көрпесі бөлек болады", "Ұят болды", "Абай Бегей ұялып жүр ғой", - деп жазды желідегілер.