Жүз жасқа толған дәрігер Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталды

Жүз жасқа толған дәрігер Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталды

Президент Тоқаев соғыс ардагері Шәңгерей Жәнібекұлын ғасырлық мерейтойымен құттықтады.Шәңгерей Жәнібеков 1924 жылы дүниеге келген, 18 жасында майданға шақырылған. Қазақстандық жауынгер соғысқа бастан-аяқ қатысып, кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметте бейбіт өмірді қалпына келтіруге аянбай еңбек етті. Бүгінде қарт майдангер 100 жасқа толып отыр. Қала әкімі Ерболат Досаев ақсақалға арнайы барып, Мемлекет басшысының сәлемі мен құттықтауын, жылы лебізін жеткізді. «Өзіңізді отандастарымыз көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, майдангер, ұлтжанды азамат ретінде жақсы біледі. Өмірлік ғұмырнамаңызда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, бейбіт жылдарда еңбек жолыңызды денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салалардан бастап, түрлі саяси-әкімшілік қызметті абыроймен атқардыңыз», – делінген Президенттің құттықтауында. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесі, өнегелік жан ретінде ерекше қадірлейтіні айтылған. Қала әкімі Шәңгерей Жәнібековке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді араласқаны үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген I дәрежелі "Барыс" орденін табыс етті. Премьер-министр Олжас Бектенов ардагерге өзінің құттықтауын жолдады, ол Шәңгерей Жәнібекұлының сіңірген еңбегін, қоғамның дамуына және Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті. Ерболат Досаев ардагерге соғыста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін ризашылығын білдіріп, елдің даму жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Ол майдангердің өмір жолы батылдықтың, ерліктің және борышқа деген адалдықтың үлгісі екенін атап өтті. «Екі жыл бұрын Жеңіс күнінде мен сіздің 100 жылдық мерейтойыңызға келетінімді айтқан едім. Бүгін сізді осы тамаша мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебізін жеткізіп, Сізге лайықты марапат тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Аман болыңыз! Жақындарыңызға бақыт пен жақсылық тілеймін», – деді Алматы әкімі. Өз кезегінде Шәңгерей Жаныбекұлы Мемлекет басшысы мен Премьер-министрге аға ұрпаққа көрсеткен құрмет пен қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, барша қазақстандыққа ашық аспан тіледі. Шәңгерей Жәнібекұлы 1942 жылдың қыркүйегінде Қостанай медициналық училищесін бітіргеннен кейін Кеңес армиясы қатарына шақырылды. II Украин және Брянск майдандарына қатысып, Полтава, Кировоград, Кременчуг, Харьков, Белгород, Украина, Молдова, Австрия, Венгрия, Румыния және Чехословакияны жаулардан азат етуге қатысты. Жеңіс күнін Аустрияда қарсы алды. Запасқа шыққан соң Қостанай аудандық еңбекшілер депутаттары кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды, онда мәдениет, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, баспа қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт қозғалысы, шығармашылық одақтар және басқа да қоғамдық ұйым мәселелерімен айналысты. 1985 жылдан бастап жасына байланысты зейнетке шықты. 1985 жылдың тамызынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін «Қазақстан қоғамы» шетелдегі қазақтармен мәдени байланыс жөніндегі республикалық қоғамды басқарды. 1987 жылдың наурызынан 1990 жылдың наурызына дейін Қазақ республикалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы, содан кейін 2001 жылдың наурызына дейін осы Кеңестің Төралқа мүшесі болды. 1995 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. Республиканың әртүрлі делегацияларының басында Моңғолия, Алжир, Австрия, Филиппин, Ирак, Ауғанстан, Вьетнам, Иран және делегация мүшесі ретінде Чехословакияда болды. Ол Қазан төңкерісі, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлігі үшін» екі медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және басқа да еңбек сіңірген наградаларымен марапатталды. 2017 жылы Шәңгерей Жәнібековке Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Фермерлер Иран мен Ауғанстанға Ресей астығын алдап өткізіп келген
Фермерлер Иран мен Ауғанстанға Ресей астығын алдап өткізіп келген
  • arbatmedia.kz
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
  • el.kz
Данияр Саламат: Біз олар үшін  жаңадан ашылған арал болдық
Данияр Саламат: Біз олар үшін жаңадан ашылған арал болдық
  • qaz365.kz
Бақытжан Байжанов апелляциялық сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Бақытжан Байжанов апелляциялық сотта күтпеген мәлімдеме жасады
  • Massaget
  "Анаммен танысты": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен қалай табысқанын айтты
"Анаммен танысты": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен қалай табысқанын айтты
  • aikyn
Қай сала аптасына тек 4 күндік жұмыс істей алады
Қай сала аптасына тек 4 күндік жұмыс істей алады
  • baq.kz
Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға ордер берді
Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға ордер берді
  • arbatmedia.kz
Министр кімдер 4 күндік жұмыс аптасына ауыса алатынын айтты
Министр кімдер 4 күндік жұмыс аптасына ауыса алатынын айтты
  • Massaget
Түркістан облысында балалар балабақшада жаппай уланды
Түркістан облысында балалар балабақшада жаппай уланды
  • baq.kz
Түркістан облысында балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып қалды
Түркістан облысында балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып қалды
  • el.kz
Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 1 адам қаза тапты
Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 1 адам қаза тапты
  • halyq-uni
Ақсуда Мәдениет үйі ашылды
Ақсуда Мәдениет үйі ашылды
  • baq.kz
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
  • Massaget
ІІМ Садықовты атты деген күдіктілерге қатысты пікір білдірді
ІІМ Садықовты атты деген күдіктілерге қатысты пікір білдірді
  • sn.kz
Алматыдағы автобус апаты: оқиғаның видеосы пайда болды
Алматыдағы автобус апаты: оқиғаның видеосы пайда болды
  • TengriNews
"Анаммен танысты". Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты
"Анаммен танысты". Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты
  • Massaget
«Шындық ешкімге керек емес». Бишімбаев өзін қорғауға мүмкіндік берілмегенін айтты
«Шындық ешкімге керек емес». Бишімбаев өзін қорғауға мүмкіндік берілмегенін айтты
  • el.kz
Қазақстандық спортшы допинг дауынан толық ақталып шықты
Қазақстандық спортшы допинг дауынан толық ақталып шықты
  • Massaget
Қазақстандық спортшы допинг дауынан толық ақталып шықты
Қазақстандық спортшы допинг дауынан толық ақталып шықты
  • Msports
Республикалық студенттік омбудсмен тағайындалды
Республикалық студенттік омбудсмен тағайындалды
  • baq.kz
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
  • el.kz
  Құран Кәрімнің түсіндірмелі-мағыналық тәржімасын жасаған Уақап Қыдырханұлы қайтыс болды
Құран Кәрімнің түсіндірмелі-мағыналық тәржімасын жасаған Уақап Қыдырханұлы қайтыс болды
  • aikyn
Түркістан облысында балабақшадағы балалар жаппай уланып қалған
Түркістан облысында балабақшадағы балалар жаппай уланып қалған
  • Massaget
Трампқа Украинаны Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізуге келістіру ұсынылады
Трампқа Украинаны Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізуге келістіру ұсынылады
  • arbatmedia.kz
"Тобыл" Португалия чемпионатының өкілін алды
"Тобыл" Португалия чемпионатының өкілін алды
  • aladop.kz
«Ақтөбе» мен «Жетісу» экс-қорғаушысы «Шахтерге» оралды
«Ақтөбе» мен «Жетісу» экс-қорғаушысы «Шахтерге» оралды
  • sport12.kz
Қазақстандық бұрымдылар ӘЧ-де алты жүлде жеңіп алды
Қазақстандық бұрымдылар ӘЧ-де алты жүлде жеңіп алды
  • Vesti
Нора Джеруто допинг қолданғаны үшін тағылған айыптан толықтай ақталды
Нора Джеруто допинг қолданғаны үшін тағылған айыптан толықтай ақталды
  • bassport.kz
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы пайда болды
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы пайда болды
  • qaz365.kz
Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме – Тамара Дүйсенова жауап берді
Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме – Тамара Дүйсенова жауап берді
  • qaz365.kz
Алматыда су қоймасынан ер адам өлі табылды
Алматыда су қоймасынан ер адам өлі табылды
  • TengriNews
Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
  • TengriNews
Алматыда қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті
Алматыда қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті
  • TengriNews
Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот: трансляция
Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот: трансляция
  • TengriNews
ҰҚК құны 17 миллиард теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі
ҰҚК құны 17 миллиард теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі
  • TengriNews
Үкімет резервтен 1,1 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?
Үкімет резервтен 1,1 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?
  • TengriNews
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
  • bugin.kz
Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады
Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады
  • TengriNews
Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр
Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр
  • bugin.kz
Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?
Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?
  • adebiportal.kz
«Дұғада болыңыздаршы, өтінемін»: Танымал блогер алты айлық баласымен ауруханаға түсті
«Дұғада болыңыздаршы, өтінемін»: Танымал блогер алты айлық баласымен ауруханаға түсті
  • sn.kz
Қытай баспасөзі: Кеңес Одағы офицерлері қазақстандық малшыларға «талақ» әкелді
Қытай баспасөзі: Кеңес Одағы офицерлері қазақстандық малшыларға «талақ» әкелді
  • qaz365.kz
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие – Оқу-ағарту министрлігі ақпарат берді
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие – Оқу-ағарту министрлігі ақпарат берді
  • qaz365.kz
Азаматтардың белгілі бір тобына тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру ұсынылды
Азаматтардың белгілі бір тобына тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру ұсынылды
  • TengriNews
Бишімбаевқа апелляциялық сотта сөз берілді
Бишімбаевқа апелляциялық сотта сөз берілді
  • halyq-uni
4 күндік жұмыс аптасы қандай салаларға енгізілуі мүмкін
4 күндік жұмыс аптасы қандай салаларға енгізілуі мүмкін
  • halyq-uni
Грекиядағы өрт: депутат Бас прокуратурадан қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауды сұрады
Грекиядағы өрт: депутат Бас прокуратурадан қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауды сұрады
  • halyq-uni
Бишімбаевтың адвокаттары «қинау» бабы бойынша экс-министрге шыққан үкімнің күшін жоюды сұрады
Бишімбаевтың адвокаттары «қинау» бабы бойынша экс-министрге шыққан үкімнің күшін жоюды сұрады
  • halyq-uni