Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп жатыр.Кездесу барысында «Фемида» тұрғын үй кешенінің үлескері тиесілі пәтердің құжаттарын алу мұңға айналғанын айтып, мәселе көтерді. Әкім өз жауабында кейінгі 3 жылда қаладағы үлескерлердің үштен екісіне тиесілі пәтері берілгенін атап өтті. «Осыдан үш жыл бұрын қалада 16 мыңдай үлескер болған. Қазір олардың үштен екісі тиесілі пәтерлерін алды. Өкінішке қарай, «Фемида» тұрғын үй кешені сияқты құқық белгілейтін құжаттары толық берілмеген нысандар бар. Сонда биылға шамамен 3,6 мың үлескер қалып отыр. Олардың бәріне жыл аяғына дейін үйлерін салып, кілттерін табыстауымыз керек», - деді Жеңіс Қасымбек. Еске салайық, қала әкімі үлескері жоқ, бейберекет салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын тоқтатылатынын айтқан.