Жыл аяғына дейін 4 мыңға жуық астаналық үлескер пәтер кілтін алады,- Ж.Қасымбек.

Астанада биыл 4 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты. Оның сөзінше, қалада соңғы 3 жылда үлескерлердің үштен екісі баспаналы болған. Енді қалғанының мәселесі шешіледі деді.Әкім бол-халқыңа жақын бол. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарының талап-тілегін тыңдады. Жұртшылықты мазалайтын сұрақ көп. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Нұрсая 2 - ден келіп отырмын сол тұрғындарынан. Енді қысқаша айтайын дегенім тұрғындардың машинасын қоятын жеріне қазір проблема болып жатыр. Соңғы кезде. Әкім мәселелерді тыңдап қана қойған жоқ. Әр сұрақтың шешімін айтты, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бірде бір сауал жауапсыз қалмайды деді. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әкімдеріңіз мына дүйсенбі күні КСК-ны және басқарушы компанияларды шақырып, осы мәселелерді қарастыратын болады. Кездесу барысында «Фемида» тұрғын үй кешеніне қатысты да сұрақ болды. Үлескерлер өздеріне тиесілі пәтердің құжатын алу мұңға айналғанын айтып шағымданды. Әкім жауаптыларға үлескерлер мәселесін жыл соңына дейін шешуді тапсырды. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осыдан үш жыл бұрын қалада 16 мыңдай үлескер болған. Қазір оның үштен екісі пәтерлерін алды. Өкінішке қарай, «Фемида» тұрғын үй кешені сияқты заңды құжаттары толық берілмеген нысандар бар. Сонда биылға шамамен 4 мыңға жуық үлескер қалып отыр. Олардың бәріне жыл аяғына дейін үйлерін салып, кілттерін табыстауымыз керек. Сондай-ақ, әкім биыл әлеуметтік кезекте тұрғандарға 6 мыңдай пәтер берілетінін айтты. Оның екі жүзі мамыр айында табысталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Ертіс өзеніндегі сұмдық: аман қалған жалғыз адам апаттың себебін айтып берді
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті
Ақмола облысында өткен ғасырдың ортасында салынған бөгет жөнделіп жатыр