Шымкент қаласы мен Жамбыл, Алматы облыстарында эпидахуал күрделі. Қызылша ауруы жалпы барлық өңірде тіркелген. Жұқпалы дертті жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты. Оның 83 пайызы- бала. Ауырғандардың дені екпе алмаған. Скендер СЫЛА, ДДҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛДІК КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі кезде уақытылы екпе жасау маңызды әрі міндетті. Жоспарлы екпені бірінші кезекте балалар алу керек. Екпе 2020-2021 жылдары қызылшаның таралуын тежеуге үлкен көмегін көрсетті. Сондықтанда вакцина қауіпсіз дегім келеді. Оның сапасы да өте жақсы.