Жыл басынан бері 140 бала терезеден құлады – ТЖМ

Жыл басынан бері елімізде 140 бала терезеден құлады. Оның 90 пайызы қайғылы жағдаймен аяқталған. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің статистикасы7Соңғы кезде ойын баласына қатысты оқыс оқиғалардың жиілеуі жауапты мекемелерді де алаңдатып отыр. Ал сарапшылар енді еліміз халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, бүлдіршіндер қауіпсіздігін күшейту керек екенін айтады. Ақтауда орын алған оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде келді. Абырой болғанда төрт жасар қыз дін-аман қалды. Жалпы өткен жылы елімізде 100-ден астам бала терезеден құлап, 25-і көз жұмған, деп жазады "Хабар24". «Біріншіден, мұндай оқиғалардың болу себебі – ата-аналардың дұрыс қарамауы балаларын, қараусыз қалдыруы, абайсыздығы. Барынша айтып жатамыз, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатады. Үйлерді аралаған кезде, өрт қауіпсіздігі бойынша акциялар кезінде барынша ата-аналарға соны ескертіп отырамыз. 1 жастан бастап жүруді үйренген балалар 1 жастан бастап құлауы мүмкін», - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. Терезенің арғы жағындағы көрініс балалар үшін қызықты әрі таңсық дүние. «Кішкентай зерттеуші» қоршаған ортаны тану мақсатында түрлі қауіпті әрекеттерге барады. Ойын баласының терезеден құлауына басты себеп – оңай ашылатын терезе. Мәселен Америкада балалардың терезеден құлауына қарсы арнайы бағдарлама бар. Өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынған бұл жоба жазатайым оқиғалардың алдын алуды 50 пайызға азайтқан. Бұл тұрғыда қазақстандық сарапшылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы заңды күшейту керегін алға тартады. «Жұмысты қазірден бастау керек. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу қажет. Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін бірнеше бағыттағы арнайы ведомстволарды іске қосу маңызды. Олардың қызметі нақты айқындалса, келесі жылдың соңына дейін мәселенің 70 пайызы шешілер еді», - дейді ҚР БҰҰ Балалар қорының балалар өмірі бойынша бағдарлама үйлестірушісі Анна Стативкина. Биыл елімізде арнайы норма бекітілді. Ол – балабақша мен мектептерде және тұрғын үйлерде құрылыс компанияларының терезеге блокиратор орнатуын міндеттейді. Әзірге балалардың қауіпсіздігі мәселесі толығымен шешілмей тұр. Арнайы норма болғанымен, терезе қорғаныштарының сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Өкімет бұл бағыттағы заңды қатаңдатса құба-құп.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Бюджетке көп ақша аударатын Алматы облысы неге қайтарымында қаражатқа жарымай отыр
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады