Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Ал тәуелсіздік алғалы миллионнан астам отандасымыз елге оралды. Оның жартысынан астамы-Өзбекстаннан келген.Мейірбек Сламов Өзбекстаннан оралған. Атажұртқа табан тірегеніне небәрі 1 ай болыпты. Айтуынша, бірінші інісі, сосын өзі келген. Ол қазір қандас мәртебесін алып, азаматтыққа өтініш беріп отыр. Мейірбек СЛАМОВ, ҚАНДАС: Қазақстан бізге ыңғайлы. Жақсы қолдау көрсетіп, қандас куәлікті 3 күннің ішінде алып. Қазіргі таңда азаматтыққа тапсырдым. Келгеніме бір ай болды. Бірінші інім келді. Сосын өзім келдім. Келешекте сол отбасымды әпкелу жоспарда бар. Мамандар елге оралғысы келетіндердің күн санап артып жатқанын айтады. Күніне шамамен орталық мамандары 30-40 адамды қабылдайды. Елорданың өзінде бір айда 300-ден аса отандасымыз қандас мәртебесін алған. Зкура КАРДИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Шетелдік паспорттарын, сосын туу туралы куәліктерін тапсырады немесе шыққан елдерінен арнайы алынған органдардан алынған. Жанағы этникалық қазақ екенін растайтын құжат тапсырады. Құжаттар түгел болған кезде 3 күн ішінде қаралып қандас мәртебесі беріледі. Ресми мәліметке сүйенсек 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ көшіп келген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері елге оралған қандастардың жартысы яғни 50,0% Өзбекстаннан, 16,3%-ы – Қытайдан, 15,9%-ы – Ресейден, 8,4%-ы – Түрікменстаннан, 4,5%-ы – Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елдерден келген. Айта кетейік қандас мәртебесі тек бір жылға дейін жарамды. Сол аралықта азаматтық алып үлгеру керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
«Танымай қалдық»: Сырт келбетіне өзгеріс жасаған Меруерт Түсіпбаева жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді