Жыл басынан бері 800-ден астам велосипед ұрлығы болды

Жыл басынан бері 800-ден астам велосипед ұрлығы тіркелді. Статистикаға сүйенсек, қос дөңгелекті көлік көпқабатты үйдің кіреберісінен жиі ұрланады. Бұзақылар бейнебақылау камераларын да елемейтін көрінеді. Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:Қазір мен қаладағы көпқабатты үй аулаларының біріндемін. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда бірнеше велосипед қаз-қатар тізіліп тұр. Мен біреуін алып аула ішінде тебетін боламын. Иесі велосипед жоғын байқап оны іздеп артымнан келер ме екен? Мен аулада 20 минут бойы велосипед тептім. Алайда оның иесін таба алмадық. Қасыма келіп ешкім қызығушылық білдіріп сұрамады. Көріп тұрғандарыңыздай тапа тал түстің өзінде ауладан ұрлап кету оңай. 14 жастағы Әділдің де құны 100 мың теңгелік велосипедін тұрғын үй кіре берісінен ұрлап кеткен. Абырой болғанда, велосипед табылыпты. Әйтсе де айтарлықтай зақым келген Әділ ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ:Камерадан қараған кезде өзіміздің көршіміз, сол велосипедті ұрлап кеткен болған. Велосипедті полицияға барып айтпайынша таба алмадық. Оны тапқан кезде ол велосипед сынған. Сондықтан подъездге қою менің ойымша қауіпті. Дворға қоймақ түгілі подъездге қоюға қорқамын негізі. Сол жағдайдан кейін велосипедті көп айдап жүрген жоқпын. Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша елордада 98 ұрлық тіркеліп, оның 85 ашылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрлық көбінде аула мен демалыс орындарында да жиі болады. Ал оны қолды қылатындардың көбі - 20 мен 30 жас арасындағылар. Айгерім ДӘРКЕМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:Велосипед ұрлығы анықталған жағдайда қылмыскерге қатысты ҚР-ның қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.Барлық жағдайда қылмыскерлер дұрыс бекітілмеген және қараусыз қалған велосипедтерді қолды етеді Ұрылар велосипедті таңдамайтын тәрізді. Өйткені қолды болғандарының ішінде кәдімгі көшеде жүргендері, арзан-қымбаты, спорттық түрлері де бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Балуан Нұрқожа Қайпановтың әйелі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Перизат Қайраттың сұхбаты жарияланды: оның артында кім тұрғаны белгілі болды
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты
Танымал әннің тарихы таспаланды