Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 65 қылмыс тіркелген

Жыл басынан бері елімізде адам саудасына қатысты 65 қылмыс тіркелген. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов мәлімдеді. Қанау мақсатымен бас бостандығынан заңсыз айырудың бір фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 11 фактісі, адам саудасының 16 фактісі, «жеңгетайлық» және жезөкшелікті ұйымдастыру бойынша 37 іс анықталған. Ұйымдастырушылардың арасында полиция өкілдері де бар. Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері мұндай қылмысқа қатысы бар үш қызметкер әшкере болған.Ержан СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды. Олар бір жыл бойы жезөкше ұстау орындарын ұйымдастырып, «жеңгетайлықпен» айналысқан. Жалпы жыл сайын адам саудасы саласында 100-ден астам қылмыс тіркеліп, 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіледі. Ал жыл сайын Қазақстан аумағында құлдыққа сатылатын 90 адамның 75-і - әйелдер. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті осындай дерек келтірді. Тіпті кәмелет жасқа толмағандары да бар. Шынар КӨШЕРБАЕВА, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әйелдер арасында кәмелетке толмағанды адам саудасына салу кездеседі. Жасы 16,17-ден басталады. Жыныстық қанауға түскендердің жасы 40-қа дейін барады. Ал еңбек құлдығына тартылған әйелдердің жасы - 50-ге дейін. Өйткені әйелдерді де үй шаруасына күштеп жегуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«AMANAT»: Ауылға қамқорлық – бұл өткенге, бүгінге және болашаққа деген қамқорлық
Алматы облысында 7 индустриялық аймақ құрылады
Шерзат Болаттың ісі біздің назарымызда – облыс әкімі
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?