Жыл басынан бері Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900-ге жуық фактісі тіркелген

Бұдан бөлек, жыл басынан бері жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 6 мың тонна жанар-жағармайдың заңсыз сатылуы бойынша 13 материал тіркелдіҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Оған Энергетика министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер комитеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиевтың айтуынша, нарықтағы жағдай тұрақты және жанар-жағармайдың барлық түрі бойынша қор жеткілікті. Көктемгі егіс жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизельдік отын жеткізу бірінші кезекте жүргізіліп жатқаны атап өтілді.«ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Бауыржан Әбсаматов мұнай өнімдерінің көлеңкелі ағыны мен «сұр» экспортын болдырмау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, жыл басынан бері бақылау-өткізу бекеттерінде шамамен 130 мың литр көлемінде жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900-ге жуық дерегі анықталып, жолы кесілді. Бұдан бөлек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігінде жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 6 мың тонна жанар-жағармайдың заңсыз сатылуы бойынша 13 материал тіркелді. Сондай-ақ кеңесте ресейлік тараппен қажет болған жағдайда жанар-жағармай жеткізу туралы Үкімет деңгейіндегі келісім бар екені атап өтілді», - делінген хабарламада.Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау және оны елден заңсыз шығару әрекеттерінің жолын кесу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
Мұрат Нұртілеу Хорватия Премьер-министрімен кездесті
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі