Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Елімізде 580 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Жыл басынан бері олар 156 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды. Сәуір айының өзінде төленген қаржы 39 млрд теңгеге жеткен. Мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, бәріне бірдей төленеді. Бұған 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған не 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар жанұялар үміткер бола алады. «Жәрдемақы бала-шағаның керек-жарағын толық өтемегенімен, қымбатшылық алқымнан алған заманда бұл отбасылық бюджет үшін жеңілдік»,- дейді жұрт. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Көмек қой иә, жеңілдік. Қазір барлық зат қымбат, кредиттер бар қазір. - Нан қымбат, қазір тамақ қымбат. Сондықтан айлықты да, пособиені де барлығын көбейту керек. Самал Жакупова - 6 баланың анасы. Әрқайсына 13 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Бұдан бөлек оған күміс алқа наградасы үшін 26 мың теңге тағайындалған. Көпбалалы ана бұл қаражатты перзенттерінің ойын-сауығына жұмсауды жөн көреді. Самал ЖАКУПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әр баланың өзінің ақшасы болған соң, қыдыртамын, киноға барамыз мысалы. Арасында пицца, суши жегісі келеді. Соларға апарамын. Сәл болса да, ол ақша бізге көмек. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Биыл - 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге; - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге төленеді. Гүлмира ЖӘКЕНҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕМУЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Бала дүниеге келгенде әр отбасыға немесе анаға бала туу бойынша жәрдемақы тағайындалады. Ол енді баланың реттілігіне сәйкес. Бірінші, екінші, үшінші бала болса, онда 140 мың биылғы жылғы мөлшері. Ал 4 және жоғары болса, онда 232 мыңнан астам қаражат төленеді. Ол біржолғы төлемақы. Айта кету керек, 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артты. Биыл бұл іске жалпы сомасы 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды