Жыл басынан бері ІІМ 16 есірткі зертханасын жойды

ІІМ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі есірткі ахуалы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы айтты.Ведомстваның мәліметінше биыл елімізде 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. "Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды", – деді спикер. Жыл басынан бері төрт ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалды. 16 есірткі зертханасы анықталды. Оның сегізінде синтетикалық есірткі өндірілген. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды. Олардан 128 кг есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленді. "Тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артып келеді. Егер 2018 жылы бір жылда жалпы 5 кг жаңа психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бір тоннадан астам психоактивті зат тәркіленді. Ал биыл үш айда 225 кг "синтетика" тәркіленді. Жалпы тоқсан ішінде бір жарым тоннаға жуық түрлі есірткі заңсыз айналымнан алынды, оның ішінде 946 кг марихуана, 237 кг гашиш", – деді Шыңғыс Алекешев.Полиция интернет арқылы жасалатын есірткі дилерлігіне қарсы тұруға ерекше назар аударады. "Кибернадзор" ақпараттық жүйесінің көмегімен есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау үшін мәліметтер Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі. Үш айдың ішінде есірткінің таралуы туралы ақпараты бар мыңға жуық сайт анықталып, бұғатталды. "Сондай-ақ, есірткі тарататын интернет-дүкендерді анықтау үшін Telegram-бот құрылды. Оған 2000-нан астам қызметкер қосылған. 52 ірі интернет-дүкен, сонымен қатар жалпы аудиториясы 75 мыңнан астам әлеуметтік желі қолданушыларынан тұратын 37 бот жойылды", – деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғафуржан Сүйімбаев «Ертіске» келді
Руслан Сахалбаев футболшылық мансабын аяқтап, бапкерлік қызметке кірісті
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Құтқарушылар бір жасар балаға көмекке келді
“Нұрболханмен бекер соттасыппын“. Ләйлә Сұлтанқызы ұялатын әрекеті жайлы айтты
«Адамды мыжып кететін байдың балаларын неге көрмейді?!»: Экс-шенеунік заңгерге жақпай қалды (ВИДЕО)
Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Жаңажылдық демалыстан кейін режимді қалай қалпына келтіруге болады?
Қостанайлық құтқарушылар азаматтарға көмек көрсетті
Төтеншеліктер сырғанау кезіндегі ережелерді еске салды
Алматыдан жолға шыққан сүт таситын көлік қар құрсауында қалып қойды
Біріккен Араб Әмірліктері авиация саласында рекорд орнатты
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған