Жыл басынан экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам дерегі анықтады - ІІМ

Жыл басынан экологиялық заңнаманы бұзу дерегі бойынша 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.«Ішкі істер органдары браконьерлікке, ағаштарды заңсыз кесуге, жер қойнауын өз бетінше пайдалануға және қоршаған ортаның ластануына қарсы тұрақты түрде күресін жалғастырып келеді. Полиция «Бекіре», «Уылдырық», «Киік», «Браконьер» сияқты табиғатты қорғауға бағытталған акцияларды үнемі өткізіп жатыр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады. 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды», - деді Ш. Алекешев ведомствода өткен апталық брифингіде. Оның айтуынша, заңсыз айналымнан тыйым салынған 15 мың метрден астам ау, 9 тонна балық және балық өнімдері (оның ішінде 1,2 тонна бекіре), шамамен 3,5 мың ақбөкен мүйізі, 135 аңшы мылтығы, сондай-ақ 81 текше метр заңсыз кесілген ағаш тәркіленді. «Балық өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында 1 сәуірден бастап Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының полиция департаменттері, батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Мәселен, Маңғыстау облысында, Түпқараған ауданында бір үйде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 72 келі 13 бекіре балығы тәркіленді. Атырау облысында Жайық жағалауын патрульдеу кезінде күдіктілерден 6 қапшыққа салынған 30 бекіре және сазан балықтары табылып, «Бекіре тұқымдас балықты өсіру зауытына» тапсырылды», - деді ресми өкіл.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Виктор Друзин World Aquatics нұсқасы бойынша “Жыл спортшысы” атағына үміткер
Алматы облысында балаларды таситын автобус 7 жасар оқушыны басып кетті
Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді
Ресей Президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
Алматыда полиция алаяқты құрықтады
Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді
Қазақстандық актер есірткі сатты деген күдікпен ұсталды
Қорғансыздың күні
Алматыда Qazaq IT цифрландыру күні өтті
Владимир Путин Астанаға келді
Есік көліне және Ассы обсерваториясына апаратын жолдар қыс бойы жабылады
Есік көліне және Асы обсерваториясына апаратын жолдар қыс бойы жабылады
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Прокуратура субсидияларды теріс пайдалану фактілерін анықтады
Синоптиктер қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады?
KASE индексі жаңа тарихи рекорд орнатты
Алматылықтар ауласын қалай безендірді -қорытынды жаңалықтарда (27.11.2024)
Қытайдың Қорғаныс министрі Дун Цзюньге қатысты сыбайлас жемқорлық тергеуі басталды
Жетісу облысында жол жабылды
Елордалықтардың 99,7% тұмауға қарсы вакцина салдырды
Димаш Құдайберген Қазақстанның көрікті жерлері көрсетілген жаңа бейнебаянын шығарды (видео)
Конституциялық сот әкелердің балаларға күтім жасау үшін еңбек өтілін есепке алуға тиіс пе екенін тексереді
Астана смартфонда: Smart Astana қосымшасы қала өмірін қалай жеңілдетеді