Жыл басынан экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам дерегі анықтады - ІІМ

Жыл басынан экологиялық заңнаманы бұзу дерегі бойынша 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.«Ішкі істер органдары браконьерлікке, ағаштарды заңсыз кесуге, жер қойнауын өз бетінше пайдалануға және қоршаған ортаның ластануына қарсы тұрақты түрде күресін жалғастырып келеді. Полиция «Бекіре», «Уылдырық», «Киік», «Браконьер» сияқты табиғатты қорғауға бағытталған акцияларды үнемі өткізіп жатыр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады. 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды», - деді Ш. Алекешев ведомствода өткен апталық брифингіде. Оның айтуынша, заңсыз айналымнан тыйым салынған 15 мың метрден астам ау, 9 тонна балық және балық өнімдері (оның ішінде 1,2 тонна бекіре), шамамен 3,5 мың ақбөкен мүйізі, 135 аңшы мылтығы, сондай-ақ 81 текше метр заңсыз кесілген ағаш тәркіленді. «Балық өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында 1 сәуірден бастап Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының полиция департаменттері, батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Мәселен, Маңғыстау облысында, Түпқараған ауданында бір үйде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 72 келі 13 бекіре балығы тәркіленді. Атырау облысында Жайық жағалауын патрульдеу кезінде күдіктілерден 6 қапшыққа салынған 30 бекіре және сазан балықтары табылып, «Бекіре тұқымдас балықты өсіру зауытына» тапсырылды», - деді ресми өкіл.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Жүректе сол бір "әттеген-ай". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына жазба арнады
Махмұд Сабырхан халықаралық турнирде Өзбекстан боксшысын жеңді
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Жетісу облысында тәрбиешілер балаларды қылқындырып, соққыға жыққан (ВИДЕО)
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Медаль үшін күрес: Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде қалай өнер көрсетті?
Жапонияда адам өліміне әкелетін ауруды жұқтырғандар саны күрт өсті
"Жүректе сол бір "әттеген-ай". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына жазба арнады
Құлсарыда су тасқынынан кейінгі тиісті жұмыстар жалғасып жатыр
«27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді
Шымкентте "өлі адамдарға" жалақы аударған директор орынбасары мен бухгалтер сотталды
Махмұд Сабырхан халықаралық турнирде Өзбекстан боксшысын жеңді
Шығыс Қазақстанда қауіпті кезең басталды
"Біздің бала-шаға дамбалын әрең киіп жүр". Желіде ат үстінде сенімді отырған 3 жасар шабандоз көпті тәнті етті
Жамбылда өрт қаупі бар маусымға дайындық шаралары күшейтілді
Ақтаулық дирижер қыздың өнері көпшілікті тәнті етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандық әрекетті айыптады
Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма? Министрліктің жауабы
Словакия премьер-министріне қастандық жасалған сәт видеоға түсіп қалған
Серік Жұманғарин Вьетнам делегациясымен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады
Жұманғарин Вьетнамға электромобильдерге арналған батареяларды шығаруды ұсынды
Жеңілсем де, көп ақша алып келдім. Енді мұқтаж жандарға көмектесе аламын – Қуат Хамитов
Бастауыш сынып оқушылары каникулға қашан шығады?