Жыл қорытындысы: медицинада сапаны жақсарту және жаңа нысандардың құрылысы

Жыл қорытындысы: медицинада сапаны жақсарту және жаңа нысандардың құрылысы

Биыл отандық денсаулық сақтау үшін маңызды жыл болды: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды, Астанада бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда, азаматтар үшін медициналық скринингтер кеңейтілді және тағы басқасы. Primeminister.kz аталған салада 2023 жылы атқарылған жұмыстарға шолу ұсынды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. «Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет», — деді ҚР Президенті. Биыл Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген жетістіктер: Республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды. Сонымен қатар 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Батыс Қазақстан облысы Сарыөмір ауылында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 374 млн теңге бөліндіСтационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 мл-нан астам адамды қабылдады, 360 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді (11 айдың қорытындысы бойынша), жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде халықтың жалпы өлім-жітімінің көрсеткіші 5,7%, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 6,9%, қатерлі ісіктерден – 0,6%, тыныс алу органдары ауруларынан – 4,7%, туберкулезден 22,1% төмендеді. 11 айда нәресте өлімі 9,6%, ана өлімі 24,4% төмендеді. Осы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды. Амбулаториялық деңгейдегі шығындар ұлғайтылып, жалпы көлемнің 56% құрады. Бұл ретте медициналық оңалтуды қаржыландыру 13 есеге – 2019 жылғы 6 млрд теңгеден 2023 жылы 78,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы Қазақстан 2027 жылға қарай медицинаға жұмсалатын шығыстардың үлесін ЖІӨ-нің 5% дейін жеткізу жөніндегі мақсатқа жету үшін сенімді түрде қадам басып келеді. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам ұлғайды және 237 млрд теңгені, оның ішінде орфандық ауруларды емдеу 51,8 млрд теңгені құрады. Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Республиканың 20 медициналық ұйымында дәрілік заттардың пациентке дейін (таңбалау, кодтау) жетуін қадағалауға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды бөлудің толық циклі іске қосылды. Солтүстік Қазақстан облысы. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық ауруханаларға 250 млн теңгеге 14 жедел жәрдем көлігі сатып алынды.ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медициналық техника сатып алынды. Медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 2,5% ұлғайып, 84,15% дейін жетті. 2023 жылы көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 2,5 есеге артып, 324 млн-нан асты. Биыл 1,1 млн адам қымбат диагностикалық қызмет түрлерін (КТ/МРТ) алды. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді: – Алматы облысында Оңтүстік Кореяның SGP фирмасымен бірлесіп шприцтер өндіру жобасы іске асырылды; – Алматыда Оңтүстік Кореяның Samsung Madison компаниясының жоғары және сараптамалық кластарының ультрадыбыстық стационарлық диагностикалық жүйелерін шығару жолға қойылған; – Маңғыстау облысында есту аппараттарының өндірісі іске қосылды; – Солтүстік Қазақстан облысында сәулелендіргіштер мен бактерицидтік ауа рециркуляторларының өндірісі іске қосылды; – Шымкентте сүзгіш жартылай маскалар өндірісі іске қосылды; – Қарағандыда клапаны бар KN95 медициналық респиратор маскаларын өндіру желісі толығымен дайындалды; – Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 270 млн бірлікке дейін бір рет қолданылатын стерильді шприцтер өндірісі іске қосылды. 2023 жылы Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта медициналық жабдықтарды жеткізу, іске қосу және жабдықтарды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде.Биыл 48 амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарында үздік тәжірибелер орталықтары ашылып, 160-тан астам маман оқытылды. ҚР-да ересектер үшін 8 ауру түрін (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальды обыр, вирустық гепатит) ерте анықтауға арналған скринингтік бағдарлама іске асырылуда. 2023 жылы скринингтік тексерулермен қамту 2022 жылмен салыстырғанда 19,7% артып, 8,5 млн адамды құрады. Ауыл тұрғындары үшін бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу органдары және қуықасты без обыры ауруларын ерте анықтауға арналған скрининг кеңейтілді. Жалпы профилактикалық тексерулермен шамамен 2,6 млн ауыл тұрғыны қамтылды. Сондай-ақ шалғай ауылдардың 50 мыңнан астам тұрғыны медициналық пойыздардың қызметімен қамтылды, бұл 2022 жылғы қамтудан 58% артық. Биыл 688 мың қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,7 есе көп. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР-да 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізілді, олар бойынша 20 мыңға жуық адам емделді.Посткеңестік кеңістіктегі алғашқы протон орталығында жылына 800-ге жуық науқас емделе алады. Орталық жүйке жүйесінің ауруларын радиохирургиялық емдеу жүзеге асырылатын Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығының «Гамма-нож» орталығында 233 операция жасалды. 2021 жылы ашылғаннан бері барлығы 1037 операция жасалды. Семей қаласындағы Ядролық медицина орталығы радионуклеидтік терапияның 776 курсын өткізді. Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16,5 мың маман біліктілігін арттырумен қамтылды. 2023 жылы ҚР медициналық жоғары оқу орындарын 7 мыңға жуық дәрігер бітіріп шықты. 23 мыңнан астам орта медициналық қызметкер дайындалды.

Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
  • Massaget
Арда Гүлер ХХІ ғасырдың рекордын орнатты
Арда Гүлер ХХІ ғасырдың рекордын орнатты
  • sport12.kz
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
  • almaty_tv
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • aqshamnews
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
  • aqshamnews
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
  • aqshamnews
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
  • aqshamnews
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
  • aqshamnews
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
  • aqshamnews
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • aqshamnews
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
  • aqshamnews
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
  • aqshamnews
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
  • aqshamnews
  Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
  • aikyn
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
  • el.kz
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
  • penalty
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
  • Massaget
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
  • baq.kz
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
  • aqshamnews
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
  • el.kz
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
  • halyq-uni
  Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
  • aikyn
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
  • almaty_tv
Қазақстандық төрешілер IJF Техникалық семинарына қатысуда
Қазақстандық төрешілер IJF Техникалық семинарына қатысуда
  • sport12.kz
Қуат Хамитов 10 миллион сыйақыға ие болды (ВИДЕО)
Қуат Хамитов 10 миллион сыйақыға ие болды (ВИДЕО)
  • sn.kz
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Ақтөбеде студентке есірткі өндіріп, адам өлтірді деген айып тағылды
Ақтөбеде студентке есірткі өндіріп, адам өлтірді деген айып тағылды
  • turkystan
Балалар омбудсмені Оралдағы оқушы қыздың буллингке ұшырауына қатысты үн қатты
Балалар омбудсмені Оралдағы оқушы қыздың буллингке ұшырауына қатысты үн қатты
  • halyq-uni
Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды
  • turkystan
Екібастұзда ауруханада жатқан келіншек зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап алған
Екібастұзда ауруханада жатқан келіншек зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап алған
  • almaty_tv