Былтыр қомақты қаражатқа жөнделген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайына биыл тағы ақша бөлінді. Әуежай жолаушыларға сапалы қызмет көрсете алмай келеді. Аэровокзал іші тар. Оны кеңейту үшін қазынадан 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл жолы құрылыс жұмыстарын жіті қадағалауға аламыз деп сендірді аймақ басшысы. Еске салайық, қомақты қаражатқа күрделі жөндеу жүргізілген халықаралық әуежайды былтыр су басқан еді. Ғимараттың суағар жүйесі жаңбыр суына төтеп бере алмады.Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Ұшып келіп жатқан азаматтарға біз сапалы қызмет көрсете алмай жатырмыз.Сондықтан әуежайдың алаңын кеңейту мәселесі шешілетін болады. Тиісті қаражат бөлініп, жұмыстарға кірісіп кеттік. Жұмыстарды қараша айына дейін бітіруге тырысамыз.